14.05.2016, 18:12
Оқылды: 29

Теректі ауданында облыс әкімі ірі шаруа қожалықтар басшыларымен кездесті

 05     Өңір басшысы Теректі ауданындағы асыл тұқымды мал басын көбейтіп отырған, егін салған, картоп еккен ірі шаруа қожалықтар басшыларымен кездесті.

     Қазір кеңінен талқыланып жатқан жер мәселесін өңір басшысы сала мамандарымен ашық аспан астында талқылады.


     Бұл кездесу жайлы облыс әкімі былай деді: «Жермен айналысып жүрген шаруалармен болған талқылауда, кәсіпкерлер тарапынан көптеген ұсыныстар болды. Алдағы уақытта облыстық қоғамдық кеңестің отырыстарына осы мамандарды шақырып, олардың ой-пікірлерін, ұсыныстарын жинақтап жоғары комиссияға ұсынамыз. Әрқайсының ұсыныс-тілектері ескеріледі».

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале