1.07.2015, 22:34
Оқылды: 26

Теректі ауданында әнші Айбек Дәулетқалиевтің «Елге сәлем» атты ән кеші өтті

Terekti Aibek dauletkaliev   Теректі аудандық мәдениет үйінде ауданымыздың мақтанышы, облысымызға танымал талант иесі, талай өнер додаларының жеңімпазы, "Итальянец" атты есіммен танымал күміс көмей әнші Айбек Дәулетқалиевтің «Елге сәлем» атты ән кеші өтті.

Ауданымызға келгелі 3 жылдан астам уақыт бойы мәдени-демалыс орталығының  әншісі боп қызмет атқаратын  Айбек көптеген өнер мамандарының көзіне түсіп те үлгерді. Осыған дейін өзінің туған жерін Казталов ауданында  дәл осындай атаумен концерт берген Айбек, енді Теректі төрін әсем әнге бөледі.

Үш бөлімге бөлінген кештің шырайын Айбектің өнердегі һәм өмірдегі достары Мейірбек Қаберов, Алтынбек Абдулхалимов, Таңат Жексенбаев, «Step up» би тобы және бауыры  Айтемір Дәулетқалиев келтірді.

Айбектің алғашқы есеп беру ән кеші Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орайластырылған екен. Кеш соңында аудан басшысы Жеңіс Серікқалиев Айбекке ақ тілегін арнап, алғыс хат және гүл шоқтарын табыс етті.

www.zhaikpress.kz

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале