3.06.2015, 17:37
Оқылды: 17

Тиімді демалыс – жан қалауы

ZH   Жаз демалыс үшін таптырмайтын маусым. Жыл он екі ай болатын жаз болатын белдеудегілер үшін бәлки бұл маусымның өзгелерден айырмашылығы жоқ та шығар, бірақ нөсерлі күзі, аязды қысы бар біздегілер үшін салтанаты келіскен мезгіл, маусымдардың патшасы осы жаз. Жазғы демалысқа шыққан баланың бір мақсаты ұзақ демалысын тиімді өткізу. Оған септесетін орынның бірі де бірегей демалыс лагері екені мәлім. Осыдан бірер жыл бұрын аудандық балалар туризмі және экология орталығы қызметкерлерінің азаматтығы арқасында тұрғызылған туристік база қазір осы мақсатта толық кәдеге жарап тұр. Ауылдан қашық емес, Соркөлдің жағасындағы осы орын биыл 9 кезеңмен 270 оқушыны демалтпақ. 31 мамырдан бастап демалушыларды қабылдай бастаған орталық ашылу салатанатын 1 маусым – Балаларды қорғау күніне алып қалыпты.

Туристік жайда қазір 28 бала демалып жатыр. Балаларға орталық директоры А.Есмағұловпен бірге орталықтың мамандары Әсет Омаров пен Гүлзипа Жәрдемова тәлім беруде. Күн тәртібінде «Кел, танысайық», «Лагер аруы» және тағы да басқа интелектуалды-көңілді кештер мен туристер жолағынан өту, футбол турнирі сынды спорттық шаралар да кең қамтылыпты. Ұялы мен компьютердің, қала берді көгілдір экранның тұтқынына айналған қоғамнан сәл де болса ажырап, айналасына, өзіне бір сәт назар аударуға мұрша берген жазғы демалыс лагері жұмысы басталып кетті.

www.zhaikpress.kz

Қаһарман ЗИНУЛЛИН

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале