11.11.2015, 10:05
Оқылды: 19

Тоғандарға су толтырылуда

Janibek toganga su toltirildi    Жәнібек ауданындағы Тау ауылдық округінің әкімі Айдынғали Есенғалиевтың ұйытқы болуымен ауылдың шығыс және батыс бағытындағы екі тоғанды сумен толтыру жұмыстары жүргізілуде. Тау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Мақсат Жаналиевтың сөзінше, ауылдың жанынан өтетін басты канал арқылы үстіміздегі жылғы маусым айының басында өрістен қайтқан малды суару үшін тоғандарға су толтырылса, бұл күндері де тұрғындардың малы қыс кезінде су ішуі мақсатында тоспа биылдыққа екінші рет толтырылу үстінде.

www.zhaikpress.kz

                                                                       Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале