17.05.2016, 17:30
Оқылды: 32

Тоғызқұмалақтан аудан біріншілігі оздырылды

????????????????????????????????????

  «Қаратөбе» спорт клубы базасында Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан жасөспірімдер мен жастар арасында  аудан біріншілігі оздырылды.

     Аталмыш спорттық шараның ашылу салтанатында  бас төреші  Байжан Бақтығалиев құттықтау сөз сөйлеп, біріншілікке қатысушы командаларды ойын ережесімен таныстырды.


    Ұшқыр ойлылар шеберліктерін ортаға салған айтулы дода да қаратөбелік ойыншылар командасы  оқ бойы алға шығып, біріншілік жеңімпазы атанды. ІІ, ІІІ орындарды Шөптікөл ауылы мен Сулыкөл ауылдық округі командалары қанжығаларына байлады. Ойын барысында көзге түскен қаратөбелік Әбілмансұр Нұрғазин мен соналылық Ералхан Айболатов «Жеңіске деген жігері үшін...»  аталымына, «Жас ойыншы» аталымына Сулыкөл ауылдық округінен Мадияр Мағзомов пен үшағаштық Дилназ Болатова  ие болды.

www.zhaikpress.kz

Ерболат РАЙСОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале