10.08.2015, 19:46
Оқылды: 23

Туризм мен өлкетанудың тәлімі мол

Сырым туризм (1)Жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектепте Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Білім беру мазмұнын жаңғырту: болашаққа бағдарлану» атты облыстық білім беру қызметкерлерінің  2015 жылғы тамыз педагогикалық кеңесінің қосымша білім беру проблемасы бойынша секциялық жұмысы өтті.

Аталмыш секциялық жұмыс «Қосымша білім беру – білім алушылардың өзін-өзі жетілдіру құралы ретінде» тақырыбын кең ауқымда қамтыды.

Шараға Сырым ауданы әкімінің орынбасары А.Сарқұлов, облыстық білім басқармасының бас маманы Ф.Сүлейменова, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры В.Фомин, қосымша білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары мен педагогтары қатысты.

Сырым туризмПленарлық мәжілісте тақырыпқа сай баяндамалар жасалды.

Аудан қонақтары Қ.Мырза Әлі ескерткшіне гүл шоқтарын қойып, суретке түсті, Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейін аралады.

Түстен кейін шара Бұлан ауылында жалғасын тапты. Жас туристер станциясы базасында «Балалар туризмінің даму стратегиясы: жайы және болашағы» тақырыбында туризм бағытында жұмыстанатын педагогтар секциясы, ауылдық мәдениет үйінде «Білім беру мекемелері мұражайларының оқушылардың патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастырудағы рөлі» атты мектеп мұражайларының  секциясы өтті. Одан кейін секция жұмыстары жабылып, ұсынбалар қабылданып, қорытындыланды.

www.zhaikpress.kz

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жымпиты ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале