9.06.2016, 18:25
Оқылды: 44

Тілсіз жаудан сақ болайық

????????????????????????????????????

   Бейсенбі күні «Қазақстан – Орал» телеарнасында өткен брифингте суға түсу маусымында адам өлімінің алдын алу және өрт қаупі бар кезеңде дала және орман өрттерін жою және болдырмау мақсатында қолданылатын шаралар жәйі сөз болды.

   Баспасөз мәслихатына БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ақылбек Ахметжанов, сол департаменттің Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Марс Отаров, қалалық ТЖ басқармасының бастығы Нұрлан Таубеков қатысты.


   -Жаз айларында адамдардың суға кетуі бүгінгі таңдағы маңызды проблемалардың бірі болып отыр. Аталған мәселе бойынша Үкіметтің, ІІМ ТЖ Комитетінің, облыс әкімдігінің деңгейінде бірнеше отырыстар өткізіліп, тиісті органдарға нақты тапсырмалар берілді. Облыс әкімімен арнайы жоспар да бекітіліп, кешенді шаралар жүргізілуде. Жалпы облыс аумағында 200-ге жуық әр түрлі су айдындары бар. Су - тіршілік көзі, өмірдің нәрі болғанымен, «тілсіз жау» екенін де білеміз. Соңғы он жыл ішінде облысымызда 301 адам суға батса, 69 балалар. Жалпы төтенше жағдайлардың түрі бойынша қаза болғандардың ең жоғарғы көрсеткіші, өкінішке орай адамдардың суда қаза болуы. Ағымдағы жылы облыс аумағында 4 адам суда қаза болды,-деді Ақылбек Ахметжанов.

  Бұдан соң сала маманы төтенше жағдайдың алдын алу бойынша атқарылып жатқан бірқатар шараларға тоқталды.

  -ТЖ департаментінің жедел құтқару жасағының 4 құтқару бекеті адамдар көптеп суға түсетін орындарында кезекшілікте. Олардың екеуі облыс орталығында, бірі Ақжайық ауданы Чапай аулында болса, енді біреуі Теректі ауданының Шалқар көліне бекітілген. Адам қазасын алдын алудың бірден-бір жолы тұрғындар арасында үгіт насихат жұмысын кеңінен жүргізу, оқыту. Бұл салада құзырлы мекемелердің,  жергілікті атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен, қоғамдық бірлестіктермен, оқу орындарымен, ұйымдармен және кәсіпорындармен өзара байланыс жұмыстары жүргізілуде. Бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер арқылы да сала мамандары судағы қауіпсіздік шараларын хабарлауда. ТЖ департаменттің, оның бөлімшелерінің мамандарымен суға көптеп түсетін орындарға барып демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері бойынша жадынамалар таратуда. Рейдттерге Жастар ісі басқармасы арқылы жастар жұмылдырылуда. Коммуналдық қызметтер арқылы түбіртектерге судағы қауіпсіздік ережесін басып шығару арқылы тұтынушыларға ақпараттар жеткізілуде. Жергілікті полиция қызметімен адамдар көптеп түсетін орындарда қоғамдық тәртіп қатаң қадағалануда. Суда адам қазасын алдын алу бір ғана органнның жұмысы ғана емес, аталған жұмысқа азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің облыстық аумақтық кіші жүйесінің басқару органдарын белсенді қатынасуға шақырамын, себебі суда қаза болғандар  - біздің жерлестеріміз, біріміздің туысымыз, досымыз, ең жақын адамдарымыз. Бірлесе атқарған жұмыс арқасында ағымдағы жылы суда адам қазасын барынша төмендетеміз деген сенімдеміз,-дейді департамент басшысының орынбасары Ақылбек Ахметжанов.

  Ал қалалық ТЖ басқармасының бастығы Нұрлан Таубеков өрт қаупі бар кезеңде дала және орман өрттерін жою және болдырмау мақсатында қолданылатын шаралар жәйін баяндады. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың мамыр айында дала және орман алқаптарын өртке қарсы қорғауды қажетті деңгейді қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жоспарын жасақтау мақсатында комиссия отырысы өткізілген. Арнайы жұмыс топтары қалыптастырылып, облыстық штаб құрылған. Тілсіз жаудың алдын алу мақсатында қала тұрғындарына жадынамалар таратылуда. Облыс бойынша 2016 жылы орман өрттерін шұғыл түрде анықтауға арналған маусымдық өрт сөндіру жауынгерлері штатымен жинақталған  8 орман өрт сөндіру стансалары қызмет жасайды.  Олардың есепте 9 бірлік өрт сөндіру көліктері, 155 байланыс құралдары, 36 бірлік трактор, 6 өрт байқау мінбелері, 255 орман аспалы субүркігіштері және өзгеде өртке қарсы жабдықтар бар. Жалпы өңірімізде дала және орман өрттерін алдын алу және болдырмау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

   Бұдан соң баспасөз мәслихатына қатысқан сала мамандары журналистер сауалдарына жауаптар қайтарды.

www.zhaikpress.kz

Нұрбек ОРАЗАЕВ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале