8.09.2015, 20:06
Оқылды: 19

Тілсіз жаудан қатер мол

Tilsiz jau Nyrtai    Облыстық төтенше жағдайлар департаменттің өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы, өртке қарсы күрес қызметінің майоры Марлен Сәрсенғалиев брифинг өткізіп, облыс аумағында өрттің шығу оқиғасы бойынша мәлімет  берді.  Оның айтуынша, қыркүйектің жетісі, сағат 13:09-да Орал қаласының жанындағы Екінші саяжай аумағында құрғақ шөп пен орман өртенген. Құрамында 96 адамы бар шұғыл жасақ пен 16 техника өртті сөндіруге жұмылдырылыпты. Нәтижесінде 102 адам құтқарылды. Оның ішіндегі алтауы – бала.  Сол күні сағат 15:35-те орман мен шөптің отқа орануынан Орал-Желаев темір жол стансасы тұсында өрт шығып, рельс бойындағы он бес шпалды жарамсыз қылған. Сол себепті Орал-Ақтөбе бағыты бойынша жүретін 614-пойыз тоқтатылды. Екі шақырымға созылған өртті ауыздықтауға 26 адам мен 16 техника қатысты. Бұл оқиғалар бойынша кінәлі тұлғаларды облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері іздестіруде. Алдағы уақытта өрттің салдарынан болған шығын көлемі де анықталады. Марлен Сәрсенғалиев облыс тұрғындарын өрт қауіпсіздігінің ережелеріне жауапкершілікпен қарап, мұқият болуға шақырды.

www.zhaikpress.kz

Нұртай ТЕКЕБАЕВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале