22.09.2016, 12:57
Оқылды: 19

«Тіл мәртебесі- ел мәртебесі»

%d0%bc%d0%b5%d0%bc%d0%bb%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d1%82%d1%82%d0%b8%d0%ba-%d1%82%d0%b8%d0%bb3Ана тілі - әр адамның  өз ұлтының  жан дүниесі мен  мәдениетінен  ғасырлар  бойы  жиған  рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры. Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес,  ұлтымыздың биік тұғыры. Қазақ тілі – ғажайып тіршілік әлемі. Ол -  қазақ халқының тарихымен астасып, Қазақстан мемлекетінің  тірлігімен  тыныстап жатқан құбылыс. Қазақстанда да тіл – қазақ елі үшін бағасын жоғалтпаған құндылық.

Осыған орай  22 қыркүйек күні С.Садықов атындағы аудандық мәдени- демалыс орталығында мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Тіл мерекесі күніне арналған «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты мерекелік шара өтті.

Шарада  аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев мерекемен құттықтап, бүгінгі таңда  мемлекеттік тілді дамыту жолында бар күш-жігерімізді аямайық! – деген тілегін жеткізсе,  Қазталов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі Абзал Есенғазиев, аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры Дархан Жалиев  айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Сондай-ақ шарада аудан көркемөнерпаздары  тіл туралы  шырқаған  әндермен қатар  Қазталов орта мектебінің 7 сынып оқушыларының  оқыған  поэзиясы  шараға қатысушы қонақтарға тамаша  көңіл-күй сыйлады.

Әсем Болат

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале