30.09.2015, 20:08
Оқылды: 25

Тіл тарихпен сабақтас

Kazak handigina 550 jil  М. Өтемісов атындағы  Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің үлкен залында «Қазақ хандығына 550 жыл және тілдің тарихи-мәдени мұра ретіндегі рөлі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Университеттің тілдер айлығы шеңберінде өткен шараға Алматы, Атырау қалаларынан және жергілікті ғалымдар, тарихшы мамандар, студенттер қатысты.

Университеттің ғылыми жұмыстары және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының докторы Ғизатолла Имашев ғылыми жиынға жиналғандарды құттықтап, конференция жұмысына сәттілік тіледі. – Елдің тарихын білу үшін тіл қажет. Елдің елдігін білдіретін, ұлттың ұлт екенін де білдіретін - тіл. Тіл мәселесі - көптен көтеріліп келе жатқан мәселе. Елбасымыз айтқанындай, тек өз тілімізді ғана емес, шет тілдерді де меңгеруіміз қажет. Қай ұрпақтың болмасын негізгі міндеті еліміздің тарихын, дәстүрін, рухани, мәдени дамуын алға қарай, келесі ұрпаққа тіл арқылы жеткізе аламыз, - деген Ғизатолла Имашев тілдің тарихқа қатыстылығы жайында сөз салмақтады.

www.zhaikpress.kz

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале