5.04.2016, 12:15
Оқылды: 30

Түркістаннан 1 орын!

 

Akjayik Tyrkistannan 1      Түркістан қаласында Қазақстан тəуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тəуелсіздік - тірегім, теберігім!» атты VI халықаралық балалар фестивалі өткен болатын.


     Фестивалді «Бейбітшілік əлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі ұйымдастырды. Бұл халықаралық сайысқа облыс атынан Тайпақ балалар саз мектебінің Ілбішін ауылдық округіндегі филиалының 14 оқушысынан құралған «Балдəурен» фольклорлық ансамблі қатысты. Бірнеше күнге созылған осы додада біздің өнерлі өрендер жүлделі I-орынды ұтып алды! Жеңімпаздар – дипломмен, ансамбль жетекшісі Өтеғалиева Нұрғаным Ермекқызы – алғыс хатпен, мектеп директоры Әділова Ғайнижамал Өтепбергенқызы – төс белгі, «Білім беру үздігі» дипломымен, Алғыс хатпен марапатталды. Осы фестивальға балаларының қатысуы үшін демеушілік жасап, қолдау көрсеткен ата-аналарға алғыс шексіз. Өрендер үмітті ақтады.

 www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале