17.07.2015, 14:14
Оқылды: 18

Түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Taskala tysindiru jymistari jalgasuda   БҚО мал шаруашылығы бөлімінің бастығы А.Есболов Тасқала ауданына келді. Аудан басшысы С.Әлиев пен округ әкімдерінің қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті.

Аудандық әкімшілік орталығында өткен басқосуда ауыл шаруашылық кооперативін  құру жайттары талқыланды. Алмат Есболұлының пайымдауынша, қайтарымсыз қаржыны алу халық шаруашылығын көтеруге зор мүмкіндік береді. Бір басқа бөлінген 18 мың супсидияға тек 18 айдан асқан аналық мал алынады. Барлық іс – әрекет көпшілік қалауымен жүзеге асырылады.

Жалпы кооперативке кірісті теңгемен шығару тиімді екені сөз болды. Ал тапсыратын мал басы – меншік көзі болып қала береді. Субсидия алуға ниет білдірген әр адам 1 жыл көлеміндегі келісімшартқа отыруға міндетті. Ал жұмысты тоқтатар болса, ауылдық тұтыну кооперативі атына арыз жазуы шарт.

Үкімет жоспары мақсатын ауылдық жерлерге түбегейлі түсіндіруді көздеген кездесу өз дегеніне жетті. Жиылыс соңында Санжар Жұматайұлы облыстан арнайы келген Алмат Есболұлына алғыс білдірді. Сондай – ақ, тұтынушылар палатасы филиалы директоры А.Жұртабаевқа қажетті құжаттардың дұрыстығын басқа аудандармен салыстырып, ауылдық округтерге жеткізуді тапсырды.

Бүгінгі таңдағы статистика мәселесі - шағын кәсіпкерлікті дамыту болса, ауылдық жерде бой көтеретін кооператив сол жағдайды шешуге мүмкіндік берері даусыз.

www.zhaikpress.kz

Әсемгүл Бекешева

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале