26.09.2016, 16:52
Оқылды: 17

Тұрғындар уәжіне құлақ асты

 %d1%82%d2%b1%d1%80%d2%93%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d1%80-%d1%83%d3%99%d0%b6%d1%96%d0%bd%d0%b5-%d2%9b%d2%b1%d0%bb%d0%b0%d2%9b-%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%8b  Жәнібек ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға барлығы 9 адам келіп, жұмыс, тұрғын үй, жеке мәселелерін айтып, көмек сұрады. Қабылдауда болған Жәнібек  ауылының тұрғыны Ғайнуш Дегитаев келініне мамандығы бойынша жұмыс сұрады.


  Оның уәжін тыңдаған аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолығу керектігін айтып, бос жұмыс орны болған жағдайда ғана жұмысқа алынатынын жеткізді. Сонымен қатар Ануар Қарағойшин, Қырмызы Егізбаева, Биғайша Аққойшиева, Сағадат Тұралиев, Марат Шурин сынды бірқатар тұрғындар жұмыссыздық мәселесін тілге тиек етсе, Тұрсынгүл Кишкилова, Сәуле Айталиева, Ақтоты Рахметуллина тұрғын үй қажет екендерін айтып, сауалдарына нақты жауаптар алды. Қабылдауға мекеме-ұйымдардың басшылары қатысып, тұрғындар тарапынан қойылған  сұрақтарға тұшымды жауаптар берді.

Арайлым КЕСЕКОВА

Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале