7.08.2015, 19:04
Оқылды: 34

Тұрғын үй жаңа сипатқа енбек

   KArtobe yi jangirtu Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауына сәйкес азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мен тұрғын үй жайлылығы деңгейін жаңғырту мақсатында 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын. Бағдарлама мақсаты негізінен алғанда 10 жыл ішінде тұрғын үйлер жай-күйін заманауй талаптарға сәйкестендіру болып саналады.

2011-2020 жылдарға арналған бағдарлама мемлекет тарапынан пәтер иелеріне көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге қайтарымды негізде, ұзақ жылға пайызсыз несие ұсынып отыр.

Осы мақсатта Қаратөбе ауданында да аталмыш бағдарлама аясында қарқынды жұмыс жүруде. 2013 жылы аудан орталығындағы 8 пәтерлік бір тұрғын үй жаңғыртылған болатын. Ал, қазіргі таңда Ғ.Құрманғалиев көшесіндегі №6 көп пәтерлі үйге күрделі жөндеу жүріп жатыр. Жұмысты «КАЗ ОКК» ЖШС  (директоры Серік Жолымбетов) шілде айынан бастап жүргізуде. Жөндеу жұмыстарын қыркүйек айында аяқтауға ниетті.

Ескірген үйдегі 12 пәтерге де газ кіргізіліп, шатыры жаңаланып, кіреберістері жөнделіп, есік қондырылып, әктеу-сылау жұмыстары жүргізілмекші. Жоба құны 7 863 мың теңге. Мердігер компания жергілікті бес тұрғынды жұмысқа тартып отыр.

Елбасының сарабдал саясатының арқасында жүзеге асып жатырған мемлекеттік бағдарламаға тұрғындар дән риза. Тозығы жетіп ескірген тұрғын үйлерінің жаңаша сипатқа еніп, жаңғыртылуына зор ықпал еткен аудан басшылығына алғыстары шексіз.

www.zhaikpress.kz

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале