13.04.2016, 11:14
Оқылды: 13

Тұтынушылардың құқығы түсіндірілді

Serpin tyinushi kykigi tysindirildi     Шыңғырлау аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының қызметкерлерімен «Коммуналдық саласындағы тұтынушылардың құқығы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы құқықтық база Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» және өзге де нормативтік құқықтық актілерге негізделген тұтынушылар құқығын түсіндіру мақсатындағы шараға атқарушы органдардың өкілдері, түрлі мекеменің қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.


     Дөңгелек үстел барысында коммуналдық қызмет көрсету саласында ұсынылатын қызметтер бағытында ауыз су, көгілдір отын, электр жүйесін пайдаланудағы әр тұтынушының құқығының сақталуы тұрғысында мәселелер ортаға салынып, түсініктер берілді. Жиын соңында, тұтынушыларға қатысты Заң талаптарының сақталмау фактілері болған жағдайда сенім телефондары арқылы құзіретті орындарға хабарласу қажеттігі, сондай-ақ, қоғамдық орындар, сауда нүктелеріндегі тұтынушыларға арналған арыз-шағым және ұсыныс-пікірлер жәшігі орнатылғандығы жөнінде хабарланды.

 www.zhaikpress.kz

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале