26.11.2015, 18:41
Оқылды: 25

Тұңғыш Президент күніне арналды

25 қарашада Қаратөбе аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің базасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай қазақ күресінен 2000-2002 ж.т жасөспірімдер арасында және тоғызқұмалақтан аудан біріншілігі оздырылды.

Togizkymalak

Ұлттық спорт түрлерінен өткізілген жасөспірімдер сайысында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов барлық жарысқа қатысушы өрендерді айтулы мерекелерімен құттықтап, жарыста сәттілік тіледі.

Жеті салмақ дәрежесінде өткен қазақ күресі өте тартысты өрбіді. Барлық ауылдық округтерден келген жасөспірімдер өз салмақ дәрежесінде бақ сынасты.

Жарыс қорытындысы бойынша 32 келі салмақ дәрежесінде аққозылық Ақылбек Асылбекұлы топ жарса, 35 келіде спорт мектебінің шәкірті Райымбек Өтепов қарсыластарынан айласын асырып, жеңіс тұғырына көтерілді. 38 келі салмақтағы жасөспірімдер арасында спорт мектебінің атынан шыққан Мирас Жеңісов І орынды иемденсе, 42 келі салмақта мектеп-гимназияның шәкірті Жақсылық Болат І орынды иеленді. 46 келіде спорт мектебінің атынан Арман Асылбекұлы жеңімпаз атанса, 51 келі салмақ дәрежесінде аққозылық Қайнар Жасұланұлы қарсыластарынан басым түсті. Жасөспірімдер арасында ауыр салмақ +51 келіде күрескен өрендер арасында егіндікөлдік Рүстем Өтебашев жеңіс тұғырынан көрінді.

14 мектептен 96 оқушы қатысқан тоғызқұмалақтан командалық ойында Мұхит атындағы ЖОББМ-нің өрендері жүлделі І орыннан көрінді. Екінші, үшінші орындарды мектеп-гимназия мен Соналы ЖОББМ-нің оқушылары өзара бөлісті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен медальдар табысталды.

www.zhaikpress.kz

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале