12.02.2016, 9:50
Оқылды: 39

«Тәуелсіздік құрдастары» атты шара өтті

Janakala tauelsizdik kyrdastari   Жаңақала аудандық мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында "Тәуелсіздіктің құрдастары" атты мәдени шара өтті.


Шараның ашып, сөз алған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Б.Қарағойшин, аудандық мәдениет үйінің директоры Арна Мүбарак шараның мән-маңызына тоқталып, жастарды өткен жылғы мерекелердің жарасымды жалғасы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын аудан көлемінде лайықты атап өтуге шақырды.

 Одан әрі әр салада табысты еңбек етіп жатқан тәуелсіздіктің құрдастарымен ашық та әсерлі сыр-сұқбат ұйымдастырылып, ән-шашумен көмкерілді.

Шара соңы жастардың би кешіне ұласты.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале