14.06.2016, 11:49
Оқылды: 22

Форумнан оралды

karatobe forum Орал қаласында қазақ драма театрында Қазақстан кәсіподақтар күніне арналған «Кәсіподақтар – тұрақтылықтың кепілі» атты форумына Қаратөбе ауданының делагациясы да қатысып келді.

  Форум барысы еңбек қатынастары, жалақы берешегін өтеу, міндетті зейнетақы төлемдерінің аударылуы, еңбек заңнамаларын сақтау, әлеуметтік  әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөнінде үш жақты комиссия, жұмыс берушілер мен кәсіподақтар  арасындағы қабылданған ұжымдық келісімдер мен келісімшарттар  бойынша өрбіді.


    Форум соңында БҚО кәсіподақтар орталығының төрағасы  Е.Салықовтың алғыс хатымен Дина Саматқызы марапатталды.  Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподақ одағы «Құрмет белгісі» төсбелгісімен Гүлсара Шүңірекова марапатталды.

www.zhaikpress.kz
Тоты ЕСҚАЙЫРОВА
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале