28.04.2016, 17:47
Оқылды: 40

Фракция - ашық диолог алаңы

Zelenov Kizgaldk    Зеленов аудандық мәслихатында «Нұр Отан» партиясы фракциясының отырысы өтті. Отырысқа төрағалық еткен фракция жетекшісі, мәслихат депутаты Нұржан Дүзбатыров алдымен әріптестеріне фракция ережесін таныстырып, жылдық жұмыс жоспарына тоқталды.


      – Фракция өзекті мәселелер төңірегінде ой-пікір алмасатын диолог алаңы. Мұнда фракцияның әр мүшесіне өзі сайланған округ тұрғындарын мазалаған сұрақтар төңірегінде мәселе көтеруіне, жауапты сала басшыларын шақыртып сауалына жауап алуға, сондай-ақ қоғамға ортақ түйткілдер туралы ортақ шешімге келуге мүмкіндік мол, - деген жетекші депутаттарды әр істе белсенді болуға шақырды. Фракция жұмысының жүйелі жүруі әр депутаттың азаматтық белсенділігіне байланысты екендігін сөз еткен Нұржан Тоғызбайұлы жұмыс нәтижесінің есебі партия бюросының отырысында тыңдалып, баға берілетінін қаперлеп өтті. Сөз алған өзге депутаттар партияның сайлауалды бағдарламасында көзделген межелердің тиімді орындалуын бақылау, іске асырылуын қадағалау, сәйкесінше халыққа уақтылы есебін беру ісінде қалыс қалмайтындықтарын жеткізді. Отырыс барысында «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан – 2021: Бірлік, Тұрақтылық, Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша сараптама топтарының аумақтық тәлімгерлерін бекіту туралы бюроға ұсыныс жасалды. Бағдарламаның жеті бағыты бойынша тәлімгерлікке салада мол тәжірибелері бар депутаттар ұсынылды. Атап айтсақ, білім бағытына депутат Ботагөз Исламова, жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобын қолдауға Тілек Залмұқанов, денсаулық сақтауға Ғабитжан Исламов тәлімгерлік жасайды. Сондай-ақ индустриалды даму бағытына Валерий Козинге, аграрлық сектор бойынша Нұрлыбек Хайруллинге, мемлекеттік қызмет көрсету бағытына мәслихат хатшысы Рамазан Исмағұловқа, жоғары технологиялардың дамуына тәлімгерлік жасау Қайрат Дильмановқа ұсынылды. Ең жас депутат Нұржан Ешмұратов жастарды қолдау шараларына тәлімгерлік етсе, филиал төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Дүзбатыров кәсіпкерлікті қолдауға бақылау жасайтын болды.

      Халық қалаулыларының атқарған жұмысын саралап, ұсыныс-пікірлерін таразылап отыратын диолог алаңынан ауқымды істер күтеміз.

www.zhaikpress.kz

Қызғалдақ Бикеева

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале