29.06.2016, 11:49
Оқылды: 24

Шалқардағы «Ақшағалада»

shalkardagy akshagalaАқжайық ауданының орталығы – Чапаевтағы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің мамандары Сұлупан Нұрғалиева, Эльвира Исмағұлова, Баубек Ғайсиннің жетекшілігімен мүмкіндігі шектеулі 40 бала Шалқар көлінің жағасындағы ауданның «Ақшағала» тынығу лагерінде демалды.


Лагерьдегі әр күн түрлі тренингтер, сурет байқауы, спорттық сайыстарға толы болды. Сондай-ақ байқаулар қорытындысымен Әсет Хамидуллин «Лагерь ханзадасы», Қарақат Сатқанова «Лагерь ханшайымы» атанды. Балалар «Ертегілер еліне саяхат» атты шарада Теректі ауданының «Жасұлан» тынығу лагерінің оқушылары үшін «Бауырсақ», «Жеті лақ», «Мақта қызбен мысық», «Қызыл телпек» ертегілерінен қойылым көрсетті. Сонымен қатар Сарыөмір ауылындағы Мәдениет үйінде балаларға арналып тегін фильм көрсетілді. Сондай-ақ лагерь жоспары бойынша балалар Сасай тауына саяхаттады.

www.zhaikpress.kz
Бекем БЕКҰЛЫ

Акжайык ауданы

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале