10.09.2015, 13:07
Оқылды: 18

«Шалқардың» шалқыр күні алда

Shalkar  Суы – дәрумен, балығы бал татыған, жазда жағасы демалушылардың шуына толы маржан көл  Шалқар маңы ежелден жанға жайлы, малға шүйгін жер.

Сол Шалқардың бір пұшпағында 2013 жылы Роберт Ирменов «Шалқар» қожалығын құрған болатын. 13 890 гектар жердің  ол 603 гектарын шабындыққа, 13 287 гектарын мал жайылымына пайдаланып отыр. Шаруашылық атам қазақ несібесін тапқан  мал өсіруге, соның ішінде қой өсіруге маманданған. Ел мақтанышына айналған, «бренд» десе де болғандай Еділбай қойын өсіруді қолға алған Роберт Мүтиғоллаұлының шаруашылығында қазір 1878 бас саулық, 100 бас еділбай қошқары бар. Биылғы жылы алынған төл басы да тоғыз жүзден асып жығылды.  Оның үстіне 412 бас жылқы ұстайды. Соның бәріне қысқыға азық қамдалған. Жаздайлыққа 5 МТЗ-82 тракторлары арнайы шөп шабу агрегаттарын тіркеп, шабындыққа түскен болатын. Шөп буатын қондырғы да бар мұнда.

Алты адам тұрақты жұмыс жасап, отбасының нәпақасын айырып отырған шаруашылықтың іргесі бекіп, қанаты жайыларына сенім мол. Ендеше, «Шалқардың» шалқыр сәті алда.

www.zhaikpress.kz

Камелия ӨТЕУ

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале