16.09.2016, 10:59
Оқылды: 23

Шағын футболдан Чапаев ауылының кубогі

%d0%b4%d0%be%d0%bf   Шағын футболдан Чапаев ауылының кубогі үшін ашық біріншілік өтті. Ойынға 4, яғни Чапаев, Қарауылтөбе, Есенсай, Қабыршақты ауылдық округтерінің командалары қатысты. Тартысты дода қорытындысымен финалда чапаевтықтарды жеңген қабыршақтылықтар жеңімпаз атанды. 2 ойынды Чапаев және 3 орынды есенсайлықтар иеленді.


  Жақсы іске жанашыр көп қой, бұл сайыстарға кәсіпкер Руслан Тілепов демеушілік жасады. «Үздік қақпашы» Рүстем Деңізбаев, «Үздік қорғаушы» Әділжан Елешов(екеуі де Чапаевтан),«Үздік ойыншы» Қабыршақтыдан Қайрат Нагибов, «Үздік шабуылшы» қарауылтөбелік Абат Қажушев атанды.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале