23.08.2015, 10:41
Оқылды: 41

Шекарашылардың кәсіби мерекесі

погран (1)Жастар мәдениет үйінде шекарашылар күні салтанатты жағдайда аталып өтті. Шарада сөз алған облыс әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов шекарашыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, қызметтеріне сәттілік тіледі. 

- Республикамыздың шекара қызметі түрлі сынақтар мен қиын кезеңдерден өтіп, бүгінгі күні тәуелсіз Қазақстанның тұтастығы мен ұлттық қауіпсіздігінің кепілі болып отыр. Отанымыздың ұлан-ғайыр шекарасын күзету -  жауапты да абыройлы іс. Кезінде Қаз дауысты Қазыбек би «Біз қазақ деген мал баққан елміз. Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз» деген болатын. Ата-бабаларымыздың  арманы тәуелсіз ел болу екенін жақсы білеміз. Бүгінде егемендігімізді алып,  мемлекетіміздің  шекарасын бекіттік. Елбасымыз Н. Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс тату-тәтті  өмір сүріп келеді. Ел тыныштығын күзетуде шекарашылардың қосқан үлесі зор. Ар мен намысты ту қылып, Отан үшін күш-жігерлерін салу барша шекарашылардың  азаматтық парызы,- деді Арман Кәрімұлы.

Салтанатты шара шекарашы сарбаздарға арналған ақ тілектер легімен жалғасып, концерттік бағдарламаға ұласты.

                                                                           www.zhaikpress.kz

Гүлсезім БИЯШЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале