9.10.2015, 17:17
Оқылды: 17

Шекара бұзғаны үшін сотталды

Taskala shekara byzgani yshin    Тасқала аудандық соты ҚР ҚК-нің 392 бабының 1 бөлігімен (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша VETTER AURELEN Франция Республикасының азаматына қатысты қылмыстық істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес,  Франция Республикасының азаматы «Тасқала» өту пуктінің солтүстігінен 4 шақырым жерде Ресей Федерациясынан Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік шекарасын заңсыз өтіп, кейін көлікпен Орал қаласынан Алматы қаласына бағыт алып, Қытай Халық Республикасына кірмек болған жерінде «Хоргос» пунктінде ұсталған.

Сот шетелдік азаматты ҚР ҚК-нің 392 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танып, жаза ретінде  500 АЕК мөлшерінде  -991 000 теңге айыппұл салып, 5 жыл мерзіміне Қазақстан Республикасы шегінен шығарылды.

www.zhaikpress.kz

Тасқала аудандық соты

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале