17.09.2015, 16:01
Оқылды: 18

Шырғалаңнан шығар жол – шынайы дін

Kaztalov shirgalannan shigar jol   Жат ағымға еру деген, көз алдымызға қоғамнан алшақ, бастары жеке бір жұмысқа ауған немесе өзінің мақсат-мүддесіне қарай насихат айтып, сені соған тарта бастайтын адамдар елестейтіні бар. Ақпараттандыру жан-жақты дамыған қазіргі заманда діни жағынан шалыс басқанымыз құптарлық емес, әрине.

16 қыркүйек күні аудандық ішкі саясат бөлімінің діни бірлестіктерінің жұмыс кестесіне сай Жалпақтал ауылындағы білім ордасы Ғ.Молдашев, мектептің акт залында оқушыларымен теріс діни ағымдардың алдын алу мақсатында жиын өтті. Аталмыш іс-шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова, Жалпақтал полиция бөлімінің кәмелеттік жасқа толмағандардың учаскелік инспекторы, полиция аға лейтенанты Ерлан Нұрмұханов, Ғ.Молдашев, К.Меңдәлиев атындағы орта мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, дінтану сабағының мұғалімдері, 9,10,11 сыныптың оқушылары қатысты.

Қос білім ордаларының дінтану сабағының ұстаздары Абылай Молдашев, Айша Әнуарбекова діни экстремизм және террориз жайында түсінік жұмыстарын жүргізіп, баяндама жасаса, кәмелеттік жасқа толмағандардың учаскелік инспекторы Ерлан Ержанұлы да өз саласы бойынша әңгіме өрбітті. Қазіргі уақытта қоғамды ерекше алаңдатып отырған мәселелердің бірі – жат ағым. Дәстүрлі діннен, дәстүрден, терең тарихымыздан алшақтап кеткен жастар саяси ортаның шырмауығына ілініп, біреуі қолына қару ұстаса, екіншісі «бұл ислам жолы» деп ұлттық үрдістен айырылуда. Егеменді ел болып демократиялық үрдістер жүргізіле бастағалы дін саласында едәуір өзгерістер пайда болды. Діни бірлестіктердің саны күн санап артып, дәстүрлі конфессиялардың өсуімен қатар, елімізде бұрын болмаған діни ағымдар пайда бола бастады. Өкінішке орай, сол сырттан келген жат, кертартпа діни ағымдардың етегінде қылшылдаған жастарымыз кетуде. Мұның басты себебі, діни білімнің төмендігі. Өйткені, білімсіз жасалған құлшылық – тамырсыз талмен тең. Блімсіздік – бүлікке, бүлік – бөлінуге әкеп соғатыны сөзсіз.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале