22.02.2016, 17:47
Оқылды: 19

Шығырлауда айтыс өтті

Shingirlauda aitis otti   Шыңғырлауда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Шежірелі  Шыңғырлау» атты  облыстық  ақындар  айтысы өтті. Айтыста әр  жұптың да дайындық  деңгейлерінің  биіктігі, орындау шеберлігі ,  тапқырлығы  айқын  сезіліп  тұрды.


 Бір-бірін қайталамайтын  әуендері де ,сәнді сахна  киімдері  де өнер  адамының  мәртебесін  биіктеткені анық . Ел  тарихын  тәуелсіздік  тойымен қоса  жырлаған  ақындар өзара  шебер  әзілдесіп, әдептен  озбайтын әдемі  сөз шайқасын керемет  келтіре білді.

Айтыста теректілік  Эльдар  Ықсанов  екінші орынды,  Орал қаласының  ақыны  Талғат Мықи  жүлделі  үшінші орынға табан  тіреді. Сахнаның  сәнін  келтірген, бабы келген айтыскер  қызымыз  Жансая  Мусина  1 орынды  иеленді.

 Халықтың  есінде қалатындай  етіп  шыңғырлаулықтардың  жеті кереметін  жеріне жеткізіп айтқан,  болашағы мол  таланты  жас  Бауыржан  Шимерденұлы бас жүлдеге ие болды.

www.zhaikpress.kz

     Адақ Шотпанов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале