6.07.2016, 20:00
Оқылды: 29

Шыңғырлауда Астана күніне арналған домбыра-пати өтті

FB_IMG_1467828169189Шыңғырлау ауданының жастары Астана күніне өз тартуларын домбыра-пати түрінде жасады. Халықаралық ареналарда танымал боп жүрген ауданымыздың cаз мектебінің түлектері, халық ішінен шыққан өнерпаздар, тіпті аудан қонақтары да осы әдемі шараға қатысып жатты.


 

Орталық саябақта орын алған әуезді, әуенді шараны Шыңғырлау аудандық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында еліміздің жүрегі, Тәуелсіздігіміздің алтын тәжі - Астана қаласының туған күніне орайластырылған шараны жас өнерпаз Аманғали Сатпанов Қаршыға Елемесовтың сөзіне жазылған «Тәуелсіздік толғауы» термесімен бастап жіберді.
FB_IMG_1467828672391Əуелеген ұранды жырдан соң, аудан өнерпаздары Азамат Қалиев, Әлияр Жүрмағамбетов, Аманғали Сатпанов, Ақтөбе қаласының тұрғыны, қонақ Қуаныш Сағадиденовтер өз өнерлерін паш етті. Қоңыр әуенді домбыраның үні жиналған көптің көңілін тербеп, қошеметтеліп отырды.

Шараны жүргізуші Айбек Абаков ел Тәуелсіздігін, бас қаламыз-Астананың мемлекет мүддесі жолындағы орнын ұранды шумақтарымен жеткізе отырып, барша аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады.

Астана күніне, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың туған күніне орайластырылған шара соңы ретро би кешіне ұласты.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға Елемесов
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале