24.10.2016, 11:39
Оқылды: 22

Шыңғырлауда "Жолда қабылдау"акциясы өтуде

%d1%88%d1%8b%d2%a3%d2%93%d1%8b%d1%80%d0%bb%d0%b0%d1%83%d0%b4%d0%b0-%d0%b6%d0%be%d0%bb%d0%b4%d0%b0-%d2%9b%d0%b0%d0%b1%d1%8b%d0%bb%d0%b4%d0%b0%d1%83%d0%b0%d0%ba%d1%86%d0%b8%d1%8f%d1%81%d1%8b-%d3%a9  Тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, азаматтық қоғамның ішкі құрылымында саяси белсенділікті қалыптастырып, құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік құрылымдарға, сондай-ақ әкімшілік полициясның қызметіне тұрғындардың сенімін арттыру, азаматтардың жеке түсініктері мен жауапкершіліктерін сезіндіру, партия мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайтып, сенімділікті қалыптастыру, қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту және де мемлекеттік құрылымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды арттыру мақсатындағы  еліміз бойынша өтіп жатқан «Жолда қабылдау» акциясы аясында  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының консультанты А.Шандатова, Шыңғырлау АІІБ-нің жол техникалық инспекциясының  мемлекеттік аға инспекторы, полиция капитаны М.Тоғызбаев, Шыңғырлау АІІБ-нің қызмет бойынша орынбасары, полиция капитаны А.М.Нысанов көлік жүргізушілерге, тұрғындарға құқықтық кеңестер беріп,түсіндіру жұмыстары жүргізуде.


  Тұрғындар да жол-көлік мәселелері, құқықтық нормалардағы жаңалықтар мен өзгерістер, басқа да ерекшеліктер тұрғысында  өздерін мазалаған сұрақтар қойып, оларға білікті,  құқықтық тұрғыдан жауаптар берілді. Сондай-ақ,  жеке мәселелері бойынша қабылдау ұйымдастырылатындығы да ескертілді.

Б.Сүйіндікова

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале