2.09.2015, 10:18
Оқылды: 30

Шыңғырлауда өткен акция

Шынгырлау акцияШыңғырлау селосының орталығындағы  Л.Қылышев  атындағы ЖББОМ-де «Мектепке  жол» республикалық акциясы өтті.

Акцияны аудандық білім беру бөлімінің сектор меңгерушісі Э.Алпамысова ашып, бұл ізгілікті істің мақсатын түсіндіріп, балаларға көмек қолын созған демеушілерге, барлық мекеме, ұжымдарға ризашылығын білдірді.

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.Сапаровтың айтуынша, соңғы 3 жылда аудан бойынша 2444 балаға жалпы сомасы 7 млн. 641 мың 772 теңгенің материалдық көмегі көрсетілген.

Оқу құралдарына қоса спорттық киім, аяқ қиімдерді қолдарына алған   балалар демеушілерге шынайы алғыстарын айтып, жақсы оқуға уәде берді.

Шарада аудандық балалар саз мектебінің оқушыларынан құралған «Алтын дән» квартетінің орындауында би биленіп, «Туған ел» әні шырқалды.

 www.zhaikpress.kz

 Айсұлу Амангелдіқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале