7.06.2016, 17:02
Оқылды: 31

Шыңғырлаулық балғындар «Күншуақ» жеңімпазы

shyngyrlaulyk balgyndar Kunshuak zhenimpazy    Алматы қаласында «Күншуақ»  Халықаралық балалар шығармашылығының фестиваль- байқауы өтті. 6-шы рет өтіп отырған байқауға 1-11-ші сынып оқушылары вокал,  хореография және аспаптық музыка аталымдары бойынша сайыста бақ сынасты. Әр аталым үш жас тобына - 6-10 жас, 11-13 жас және 14-18 жасқа бөлінді.  Байқау аясында ең үздік үш солист және ең үздік үш ұжым анықталды.


   Осы өнер бәсекесіне ауданымыздың саз мектебінен аттанған «Дарын» квартеті байқаудың бас жүлдесін қанжығасына байлап, жеңімпаз атанды. Квартет құрамында халықаралық, республикалық және облыстық түрлі байқаулардың жүлдегерлері атанып жүрген ауданымыздың жас өнерпаздары Зинира Амангелді, Гауһар Мұсаева, Әлияр Жүрмағамбетов пен Батырхан Талдыбаев бар.

    -Шәкірттерімінің қабілетіне қашанда сенім артамын. Олар да өз кезегінде сенімді ақтаумен келеді. Бұл жолы да оларға тәнті болып отырмын. Алар биігіміздің көп боларына сенемін,- дейді квартеттің көркемдік жетекшісі Тынышбай Әмірғалиев.

www.zhaikpress.kz
ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале