4.05.2016, 10:11
Оқылды: 22

Шыңғырлаулық тұрғындар тазалықты қолдап отыр

Shingirlau tazalik     Шыңғырлау ауданы бір ай көлемінде сенбіліктер жүргізіп, көшелер келбеті, айнала ажарын қалыпқа келтіріп алды. Жазғытұрымғы басты науқанға жұмыла кіріскен ел жас көшеттерін егіп, аула маңы, үй сырты сияқты аумақтарын да шырайлы етіп қойды. Әрине, ел болған соң, үй болған соң қайта шашылмай тұрмайды, күнделікті қоқыстың өзі іргеден ұшын ұзын көшені ластап жатады. Осы орайда аудан әкімі Алдияр Халеловтың бастамасымен әрбір көшелерде тұрғындармен билік өкілдерінің жиыны өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


   Мұндай кездесулер аудан орталығының 38 көшесін қамтыды. Жиындардағы басты мәселе күнделікті шығатын қоқыстарды жинап, шығаратын арнайы көліктің жүргізілуі және көліктің көшелерге қызмет көрсету кестесі болды. Яғни, белгіленген күні және белгіленген уақытта көшеден өткен көлікке үй-тұрмыстық қатты қалдықтарды қапшық немесе өзге де затқа салынған күйінде көлікке тиеп жіберу қажеттігі тұрғындарға тәптіштеп түсіндірілді. Бұдан басқа аудан айналасындағы зираттарды қоршау, бұл сауапты іске барлық тұрғындар болып атсалысу керектігі және бұл қадамға тұрғындардың қолдауы қажеттігі ортаға салынды. Бұл мәселе тез шешімін тауып, тұрғындардың келісімімен әрбір отбасынан 1000 теңгеден кем емес көлемде қаржы жиналатын болды. Бұл шара ерікті түрде жүргізіліп, үлесімді қосам дегендер әр көшеден бекітілген адамдарға қаржыларын тапсыратын болады. Жиылған қаржыға зираттардың қоршаулары жасалады. Тұрғындар тарапынан көше жарықтандырылуы, шаруашылық суымен қамту, көше жолдары турасында ұсыныстар мен өтініштер айтылып, аудан басшысы биылғы жылға бірқатар көшелерге техникалық су құбырларын тарту жұмыстары жүргізіліп, жаяу жүргіншіге арналған тротуарлар құрылысы қолға алынатынын жеткізді. Бұл орайда, аудандық сәулет және қалақұрылысы мамандарына тұрғындар үй-жайларының  көше тротуарына кедергі келтірмеуін анықтау және ретке келтіру, үй-жай аулаларының техникалық төлқұжатына сай болуын тексеруді тапсырды. Сауын малдардан басқа түліктердің барлығының далалық бағымға жіберілуі де осы кездесулерде нақты ескертіліп, көше сәніне зиян келтіруші мал болса, иелеріне әкімшілік жаза қолданылатыны қатаң тапсырылды.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале