10.08.2016, 17:27
Оқылды: 49

Шыңғырлау аудандында «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы сайланды

shyngirlau10 тамыз күне  «Нұр Отан» партиясы филиалының ХХІ кезектен тыс коференциясы өткізілді. Партияның Шыңғырлау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Светлана Бәйтенова жиынды кіріспе сөзбен ашып, делегаттарды күн тәртібімен таныстырды. Конференцияға қатысып отырған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Гүлназ Құлжанова күн тәртібіндегі бірінші мәселе- партияның аудандық филиалының  төрағасын сайлау бойынша сөз сөйлеп, филиал төрағалығына аудан әкімі Альберт Есалиевтың кандидатурасын сайлауды ұсынды. Делегаттардың бірауыздан қолдауымен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағалығына аудан әкімі Альберт Темірболатұлы Есалиев сайланды.  Конференцияда партия жұмысының алдағы міндеттері туралы мәселелер қаралып, қаулы қабылданды.

Адақ Шотпанов

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале