8.04.2016, 18:08
Оқылды: 20

Шыңғырлау ауданында алғашқы сенбіліктер легі жүргізілді

Shingirlau senbilik     Бүгін Шыңғырлау ауданы орталығының көшелерінде алғашқы сенбіліктер легі жүргізіле бастады. Көктем туа көбейетін көшелер  қоқысы ауыл-көше ажарын бұзып-ақ тұр, осы орайда аудан, ауыл тазалығына атсалысу- азаматтық міндет, перзенттік парыз. Бұл тұрғыда жуырда өткен округ әкімінің тұрғындармен кездесуінде де айтылып, тұрғындарды тазалық науқанына үндеген болатын.


       Десек те, ауласынан әрі аспайтын, төңірегінің тазалығы толғандырмайтын ауылдастармыздың бар екендігі қынжылтады.

     Осы себепті, аудан бойынша, әдеттегідей мекеме-ұжымдарға бекітілген көшелер тазалығының науқаны жоспарланған еді. Аудандық «Серпін» газетінің ұжымы бұл игілікті шараны алғашқы болып бастап отыр. «Ауылына қарап-азаматын таны» деген қағиданы берік тұтынатын «ақпарат майданының сарбаздары» белгіленіп берілген Д.Хамитов атындағы көшені мұқият тазалап шықты. Жіті әрекет еткен ұжым тиянақты, әрі шұғыл іс-қимылға тәнті болған аға буын тұрғындар алғысына бөленді.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға Елемесов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале