9.10.2015, 19:21
Оқылды: 30

Шыңғырлау ауданында әлеуметтік тәуекел тобына жататын азаматтардың тұрғылықты жерлері бойынша кезекті алдын алу рейді өтті

Shingirlau reid     Батыс Қазақстан облысында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» алдын алу операциясының 3 кезеңі өтті. Операция шеңберінде қалада және облыста күзгі-қысқы өрт қауіпті кезеңге дайындық жүргізілуде. Оның мақсаты – жағдайды тұрақтандыру, өрттің, сондай-ақ олардың салдарынан адамдардың қаза табуының және жарақтануының алдын алу. Жылу беру маусымының қарсаңында мемлекеттік өрт бақылаудың инженерлік-инспекторлық құрамы, облыстың өрт бөлімшесінің қызметкерлері тұрғын сектор бойынша рейд өткізді.

Инспекторлық құрам, Ішкі істер бөлімдерінің қызметкерлері бірлесіп, таңдап, жеке сектордағы істердің күй-жағдайын тексереді. Ең алдымен олар жағдайлары нашар, дәулетсіз, көп балалы отбасыларының үйлеріне барады. Одан басқа спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатын, бейәлеуметтік тұрмыс қалпын сүретін, отты ұстай білу ережесін бұзуға бейімді адамдарға нақты көңіл аударды.

Осындай рейд Шыңғырлау ауданында да өтті. Аудан бойынша инспекторлар үй-үйді аралап, жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздіктің ережелерін адамдардың естеріне салды, жадынама-үндеулерді таратты. Айрықша бақылауда тұрған отбасыларымен сұхбат жүргізді. Үй иелерінің рұқсатымен жылыту құрылғыларының және пештердің жарамдылығын тексеріп, кемшіліктерді көрсетті.

www.zhaikpress.kz

Ольга Протопопова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале