28.04.2016, 17:42
Оқылды: 30

Шыңғырлау ауданының ет өндіру әлеуеті артатын болады

ZH-350x350     Шыңғырлауда бүгінгі таңда аудан бойынша 2 мал сою пунктінің құрылысы басталып, бірі Сегізсай ауылында «Ахан» шаруа қожалығында (басшысы Ерлан Жүгінісов) салынып, дайын тұр. Екі қабатты, толық механикаландырылған, тәулігіне 3-5 тонна ет өндіруге есептелген. Екіншісі, аудан орталығында жеке кәсіпкер Мұса Нәмиевтың иелігінде. 80% салынып тұр, осы жазда іске қосылады. Бұл да тәулігіне 3-5 тонна ет өндіруге есептелген.


     «Ахан» шаруа қожалығының бір артықшылығы Орал қаласында шұжық шығаратын цехы бар, яғни, жаңа мал сою кешені нақты өнім өндіруге жұмыс істейді. Осы орайда шаруа қожалығы мал бордақылау орынын қамдауда. Өнім өндіру үрдісінде кідірісті болдырмау мақсатында ойластырылып отырған бордақылау орынында ірі қара мал басы мен жылқы малы сойысқа даярланатын болады. Бүгінгі таңда аудан әкімі А.Халеловтың бастамасымен, ауданның ауылшаруашылығы саласындағы қызметкерлері және жеке кәсіпкерлер ауданның ет өнімін өндіру әлеуетін арттыруда ортақ мақсатқа жұмыла отырып, осындай болашағы бар шараларды жүзеге асыруда.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале