16.09.2015, 19:04
Оқылды: 13

Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Kazakstan soshi  Сочи қаласындағы Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастығының XII форумы басталды.

Шара аясында «Агроөнеркәсіптік кешен саласында ресейлік-қазақстандық ынтымақтастықтың перспективасы» атты мамандандырылған көрме өтті. Осы көрме барысында Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Волгоград облысының әкімшілігі арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. «Облысымыздың Волгорад және Ресейдің өзге де көрші губернияларымен ынтымақтастық жөніндегі мұндай келісімдері бұрыннан бар екені белгілі, – дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Ғалым Бекқалиев.

– Бірақ бұл құжаттың өзгешелігі, мұнда ЕАЭО-ға қатысты жайттар қамтылған. Ол байланысымыздың одан әрі дамуына ықпалын тигізері сөзсіз».

Мамандандырылған көрмеге еліміздің он облысынан  60 кәсіпорын қатысуда. Олардың ішінде облысымыздан «БатысМарқаЛамб», «БелесАгро», «Кублей», «Агропродукт ЛТД», «Мартин» (бұрынғы Желаев астық комбинаты) сынды компаниялар бар.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале