23.12.2015, 16:32
Оқылды: 130

Энергетиктер күні тойланды

 Badashev energetikter    Сейсенбіде  облыс энергетиктері өздерінің төл мерекесі - Энергетиктер күнін салтанатты түрде атап өтті.

    Бұған өңір энергетиктерімен қоса облыс және қалалық әкімдік басшылығы, облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Салтанатты шара өңір энергетиктерінің ауқымды жұмысын баяндайтын бейнекөрсетіліммен басталды. Бұдан соң «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ-ның  басқарма төрағасы Қуат Мусин жиынды ашып, әріптестерін төл мерекелерімен құттықтады.


    - Қазіргі таңда біздің компания Батыс Қазақстан ЭЖТК-нің электр тораптары шаруашылықтары жұмыстарының сенімділігін маңызды деңгейге көтеруге, техникалық ысыраптар мен пайдалану шығындарын азайтуға және тұтынушыларды электр энергиясымен қамтудың сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін жалпы сомасы 1605,1 млн. теңге тұратын 2016-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасын бекітті. 2015 жылға 220,0 млн. теңге инвестициялық міндеттемелер жоспарланды және олар толық көлемде игерілді. 2002-2015 жылдар аралығында Батыс Қазақстан ЭЖТК нормативтен жоғары ысыраптарды азайтуда ауқымды жұмыстар атқарды. Мысалы, 2002 жылы нормативтен жоғары ысыраптар 8,51 пайыз болса, ал 2014 жылы ол 0,38 пайызды құрады, ал ағымдағы жылдың 11 айында ысырап толық жойылды. Компания КПО б.в–мен  «Электр энергиясын тасымалдаудың сенімділігін арттыру» жобасы бойынша ГТЭС, КПО б.в. және «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ электр тораптары арасында жалпы сомасы 900,5 млн. теңге, соның ішінде 2015 жылы 574,1 млн. теңгеге келісімшарт жасады. Биыл үшінші жыл қатарынан компания нақты уақыт тәртібінде энергияны тұтынуды бақылау мен тиімділігін қамтамасыз ететін, тораптардағы техникалық ысыраптарды анықтайтын ЭТБЕАЖ-ні енгізу бойынша жұмыстар жүргізіп отыр. Соңғы жылдары облысымызда көптеген жаңа энергетикалық нысандар салынып, олар пайдалануға берілді, қолданыстағы электр тораптарын жаңғырту мен қайта құрылымдар жұмыстары жүргізілуде. Жалпы сомасы 85,552 мың теңгеге ұзындығы 22,3 шақырым «Қазақстан-Успеновка» 35 кВ-ӘЖ-сі қайтар құрылымдалды, «Переметное», «Чапаев», «КС-3» қосалқы станциялар жаңғыртылды. Орал қаласы бойынша 37,672 мың теңгеге ұзындығы 7,67 шақырым болатын 10/0,4кВ ӘЖ мен КЖ қайта қайта құрылымдалды. Біздің компания қызметкерлердің кәсіби шеберлігі мен еңбекқорлығының арқасында осындай үлкен жетістіктерге жетті, -деген басқарма төрағасы сала мамандарына ризашылық сезімін білдіріп, олардың жұмысына жеміс тіледі.

    Бұдан кейін сөз кезегін алған облыс әкімінің орынбасары Алмаз Бадашев пен Орал қаласының әкімі Алтай Көлгінов өңір энергетиктерін мейрамдарымен құттықтап, жыл бойы нәтижелі жұмыс жасаған бір топ сала мамандарына облыс әкімінің алғыс хатын табыс етті. Осы кеште Қазақстан электр энергетика қауымдастығының «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ қызметкерлерін ынталандыру туралы» Ережесіне сәйкес «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ директорының бірінші орынбасары, бас инженер Марат Жұмағалиев пен  «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ қалалық филиалының бастығы Сергей Доляға  «Қазақстан электр энергетика қауымдастығының еңбек сіңірген энергетигі» атағы беріліп, төсбелгілер табысталды. Сондай-ақ, аталмыш мекеменің жетекші инженері Леонид Батехин «Қазақстан электр энергетика қауымдастығының құрметті энергетигі» атанса, аға диспетчер Людмила Фролова «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы» Энергетикалық Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Бұдан басқа тағы бірқатар сала мамандарына ұзақ жылғы мінсіз еңбегі үшін Қазақстан электр энергетика қауымдастығының «Энергетика ардагері» және «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ-ның «Энергетика ардагері» куәлігі мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

   Жиында марапат иелері мекеме басшыларына алғыстарын айтып, шара соңы мерекелік концертке ұласты.

www.zhaikpress.kz

Айша ӨТЕБӘЛІ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале