10.11.2015, 15:17
Оқылды: 12

«Інжу» лауреат атанды

Karatobe inju laureat    Шымкент қаласында өткен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Хореография» кафедрасының 30 жылдық мерейтойына арналған «Әлем халықтарының билері» атты халықаралық фестиваліне Батыс Қазақстан облысы атынан Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығы жанындағы «Інжу» би ансамблі қатысып лауреат атанды.

Құрылғандарына үш жыл болса да өңір халқына өнерлерімен танылып үлгерген «Інжу» би ансамблі Ресей, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Башқұртстан және еліміздің барлық облыстарынан қатысқан 25 би ұжымдарының арасынан топ жарып, жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Аталмыш халықаралық өнер байқауында қазақ биі мен орыс биін орындаған «Інжу» би ансамбілінің өнеріне қазылар алқасы жоғары баға берген.

www.zhaikpress.kz

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале