9.06.2016, 16:05
Оқылды: 46

Іскер әйелдер конгресінен оралды

karatobe isker aiyelder kongresi   Маусым айының басында Астана қаласында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Қазақстан – жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында Іскер әйелдер кеңесінің ІІ конгресі өтті. Конгресс отырысына кәсіпкерлер палатасының Қаратөбе аудандық филиалы жанынан құрылған іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Құралай Аюпова қатысып келді.


     Елімізде төрт миллионнан астам қазақстандық әйел өзін-өзі жұмыспен қамтыған болып саналады. Оған қоса, әйел кәсіпкерлер қаржылық, несиелік және салықтық тәртіптің жоғары деңгейін көрсетуде.

    Конгрес отырысында «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов өңірлердегі іскер әйелдердің бизнес бастамаларына тың серпіліс беруге, әрі қарай да әйелдердің бизнес-бастамаларын ұлттық масштабта барынша дамытуға қолдау көрсетуге ниетті екендігін мәлімдеді.

    -  Іскер әйелдер конгресінде республикалық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова атқарылған жұмыстар ауқымына тоқталып, іскер әйелдердің ауылда да белсенді екендігін айтты.

   Қажырлы нәзікжандылар ауыл шаруашылығы, агросектор және өндіріс саласында да нәтижелі жұмыс атқаруда. Кәсіпкерлік саласына бет бұру – біршама қаржы салуды қажет ететін өте ауыр еңбек. Іскер әйелдердің басын қосқан жиынға баруыма Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Рысты Тойшыбаеваға алғыс айтамын, - деп ойын тұжырымдаған кәсіпкерлер палатасының Қаратөбе аудандық филиалы жанынан құрылған іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Құралай Қадірқұлқызы аудан бойынша кәсіп бастағысы келетін қыз-келіншектерге көмектесу, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу керек деген ойын да жасырмады.

www.zhaikpress.kz
Қаратөбе ауданы
Серікбай ХАСАНОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале