20.08.2015, 17:55
Оқылды: 20

Ғалия Сатыбалдина:  «Шамамен оншақты күннің ішінде ахуал қалыпқа түседі»

 

Галия СатыбалдинаҚР «Ұлттық банкі» БҚОФ директорының айтуынша, бұл - девальвация емес. Бұл - жаңа қаржы-несие саясатына көшу. Сондықтан алдағы бірер апта ішінде қандай да бір нақты болжам айту мүмкін емес. Барлығын нарықтағы сұраныс пен ұсыныс анықтайды. Яғни, нақты бағам түзілуі үшін қаржы нарығының «ойыншылары» өз позицияларын анықтағанша жағдай осылай өрбиді. Бұған қарап халықты дүрліктірудің, «енді не істеймін» деп сарыуайымға салынудың мүлде қажеті жоқ. Шамамен оншақты күннің ішінде ахуал қалыпқа түседі.

Тағы бір айтқым келгені – бұл тек Қазақстанның басындағы қиындық емес. Іргедегі Ресейді айтпағанда, алпауыт ел – Қытайдың басында да мұндай қиындық бар. Қытайлықтар экономикалық қысымға шыдай алмай өздерінің ұлттық валютасы -  юаньның долларға шаққандағы бағамын еркіне қоя берді. Қаржыгер ретінде талдап отырсам, ағымдағы жылдың тек соңғы алты айы ішінде батысқазақстандықтар 10 млрд. Ресей рублін сатып алыпты. Біздің теңгемен 1 рублдің құны 3 теңге деп есептесек, 30 млрд. теңге көршілердің экономикасын дамытуға жұмсалған! Бұл тек бір облыстан кеткен ақша. Ал, долларға сұраныс соншалықты көп емес, - деді ҚР «Ұлттық банкі» БҚОФ директоры.

www.zhaikpress.kz
Тоқтар Кенжеғалиев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале