13.05.2015, 19:42
Оқылды: 36

Қазақстан азаматтығын алу және одан шығу мәселелері қаралды.

Казахский паспортБүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың төрағалығымен Президент жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті.

 Отырыста Қазақстан азаматтығын алу және одан шығу мәселелері қаралды.

Гүлшара Әбдіқалықова егемендік жылдарында 956 мыңнан астам адам Қазақстан азаматтығына қабылданғанын, оның басым көпшілігі соңғы жылдардың үлесіне тиетінінатап өтті.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан азаматтығын алуға ниеттенген әлемнің әр түрлі елдеріндегі адамдар санының үздіксіз өсе түсуі –Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық сындарлы, әлеуметтік тартымды және халықаралық деңгейде танылған мемлекеттік саясатының жарқын көрінісі екенін атап көрсетті.

Ел Президенті Жарлыққа қол қойғаннан соң алыс және таяу шет елдерден келген түрлі ұлттың 570 өкілі Қазақстан азаматы атанатын болады.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале