27.05.2016, 18:55
Оқылды: 36

«Қазақстан мәслихаттарының Құрметті депутаты» атағы берілді

Sirim Kylshar    Бүгін Сырым аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуарбек Ғалымовқа «Қазақстан мәслихаттарының Құрметті депутаты» атағы берілді. «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық ұйымының атақты растау жөніндегі куәлігі мен арнайы төсбелгісін облыстық мәслихаттың хатшысы Мәлік Құлшар тапсырды.


    Атақты тапсыру рәсімі Сырым ауданындағы қоғамдық кеңестің бүгінгі отырысында болды. Аудан активі атақ иесіне   құттықтауларын білдіруде.

   Айта кетейік, Әнуарбек Ғалымов Сырым аудандық мәлихатында төрт шақырылым бойына хатшылық қызмет атқарды.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале