13.10.2015, 12:06
Оқылды: 23

«Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жинағы миллионнан асатындарға да өтемақы төлейді

жилстройсбербанкЕлбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев теңге бағамының өзгеруінен «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның салымшыларының жинағы зардап шекпес үшін қолдан келгеннің бәрін жасау жөнінде үкіметке тапсырма берген болатын.

Соған орай «Бәйтерек» холдингімен, Ұлттық экономика министрлігімен, Инвестиция және даму министрлігімен және Қаржы министрлігімен бірге «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» тиісті тетіктерді әзірлеп, құжаттарды Президент әкімшілігінің қарауына жіберді. Жинақталған ақша көлеміне қарамастан, барлық депозиттерге өтемақы төленбек.

Биылғы жылдың 18 тамызына дейін ашылған депозиттерге келсек,  бұл банкте (ҚТҚЖБ) жалпы көлемі 66 млрд. теңге болатын 435 мың шарт жасалған (бұл екінші деңгейлі банктердегі барлық салымдардың 25%-ына жуық). Осы депозиттердің бәрінде жинақ ақша миллион теңгеге дейін жеткен жоқ. Оларға төленетін өтемақы 21 млрд. теңгеге жуықтады. Бекітіліп жатқан жобаға сәйкес, бұл салымдарға Ұлттық банктің схемасы бойынша бір жолғы өтемақы төленбек. 57 мың отандасымыздың әрқайысының банктегі шоттарында миллионнан аса қаражат жинақталған, дәлірек айтсақ, 114 млрд. теңге. Демек, оларға  төленетін өтемақы 40 млрд. теңгеден асады. Бекітіліп жатқан жобаға сәйкес,  осы салымдарға ҚТҚЖБ қаражатынан және республикалық бюджеттен үш жыл ішінде өтемақы төленеді. Банк өз қаражатынан 24 млрд. теңге бөлмек.

Өтемақы алуға өтініш қысқа уақыт ішінде қабылданбайды. Электронды сандық қолды пайдалана отырып, онлайн-режимде өтініш беруге болады. Бұл үшін банкте арнайы шот ашу міндетті емес. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» депозит бір жыл сақталған жағдайда, бағамдық айырмашылық есептелінеді.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жаңа акционер тартуға қатысты әлі шешім қабылданған жоқ. Жыл соңына дейін Үкімет, «Бәйтерек» Холдингімен біріге отырып, ҚТҚЖБ акциялар пакетінің бір бөлігін жекешелендірудің оңтайлы талаптарын анықтайтын жоспар дайындайтын болады. Қазіргі кезде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» жеке капиталы 110 млрд. теңге болады. Инвестер келген жағдайда да, мемлекет ҚТҚЖБ құрылтайшыларының құрамында қалып, клиенттерге жыл сайын 20% сыйақы төлей бермек. Бұл норма қаржы институтының меншік түріне тәуелді емес және «Тұрғын үй құрылыс жинақ туралы» заңда бекітілген.

Қазіргі кезде банкте жалпы салым сомасы 280 млрд. теңге болатын 552 889 шарт бар. Аталмыш банктің басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұловтың айтуынша, серіктес келсе де, оның талаптары өзгермейді. Өзгерсе де, ол тараптардың екі жақты шешімімен өзгертіледі.

www.zhaikpress.kz

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале