2.12.2015, 17:39
Оқылды: 24

Қазақтың бағына біткен басшы

Janakala kazaktin bagina bitken  30 қараша күні Жаңақала аудандық мәдениет үйінде 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті.  Салтанатты жиынның шымылдығын түру үшін құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Айзада Шүкірғалиева Елбасының өткен өмірінен қысқаша баяндама жасап, жиылған жұртшылықты мерекемен құттықтады.


Сосын салтанатты шара аудан көркемөнерпаздарының дайындаған шағын концертіне ұласты. Қасиетті қара домбыраның үнімен күй күмбірледі, әуезді ән шырқалды. Жас та, кәрі де шад-шадымен жүзде отырды. Бұл қуаныш та Тәуелсіздіктің, қала берді елі сүйген Елбасының арқасы емес пе?! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

www.zhaikpress.kz

АлтынбекЕрмекқалиев

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале