28.04.2016, 17:38
Оқылды: 64

«Қазақ болып қалды мәңгі домбыра...»

????????????????????????????????????

     Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта Алаштың мақтанышы болып табылатын белгілі дәстүрлі әнші Мейрамгүл Орашеваның шығармашылық кеші өтті. Қалың өнерсүйер қауым қазақтың бай ән-жырын шартарапқа танытқан аудан түлегі Қаламқас Орашеваның сіңілісі болып табылатын Мейрамгүлді зор қошеметпен қарсылады.


     Ұлтымыздың жыраулық өнерін насихаттаудағы ізденісін, шеберлігін бұл жолы да әйгілеген, дәстүрлі өнеріміздің мәңгі өшпейтінін орындаушылық сұңғылалығымен дараланған оған халқы құрметпен қол соқты. Ата-бабадан жеткен, халқымыздың намысы, тілегі, арман-үміті болып табылатын шығармаларды сондай-ақ Мейрамгүлдің өмірлік жары, өнердегі серігі күйші Мақсат Тілепберген, Қаламқастың үзеңгілес әріптесі, жырау Набат Ойнарова сынды ел сүйініштері де орындап, кештің мерейін асырды.

    Дәстүрлі әнші-термешілердің Республикалық «Рауан» фестивалінің лауреаты, Ақжайық музыка мектебінің шәкірті Аружан Әділхан да сахнаға шығып, сабақтастықтың алтын арқауын үзбей, алдындағы өнерлі аға-апаларының ізбасары болатынын әйгілегеніне де әлеумет аса разы болды.

     Жұбан елі жәні аудан әкімі Әділ Жоламановтың атынан оның орынбасары Меңзипа Жұматова М.Орашева мен оның серіктеріне «Қазақ болып қалды мәңгі домбыра. Домбыра боп қалса екен-ау әр қазақ» атты тамаша кеші үшін зор алғыс арнады.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале