26.04.2016, 11:45
Оқылды: 34

Қазақ күресі одан әрі қанаттанатын болады

Akjayik kazak kyresi odan akri     Ақжайық ауданының Чапаев ауылында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің іріктеу жарысы өткізілді.


     Турнир басталар алдында ауданда «Қазақ күресі» федерациясының аудандық қоғамдық бірлестігін құруға арналған құрылтай конференциясы өтті. Қатысушылар арасында ҚР еңбек сінірген жаттықтырушысы, спорт ардагері Асқар Шораев, БҚО қазақ күресі федерациясы қауымдастыгының президенті Қаймен Есендияров, қазақ күресінен БҚО-ның аға жаттықтырушысы Ибат Ерешов болды. Төралқа құрамы сайланып, оның президенттігіне аудандық «Жігер» спорт клубының директоры Марат Ығылманов сайланды.

     Облыстық федерация президенті Қ.Есендияровтың айтуынша, осымен өңірімізде төртінші ауданда аталған қоғамдық бірлестік құрылды. Бұл Ұлттық спорт түрінің өркендеуіне серпіліс берері сөзсіз.

    Жарысқа Ақжол, Алмалы, Базаршолан, Бударин, Жаңабұлақ, Жамбыл, Қабыршақты, Көнеккеткен, Қарауылтөбе, Мерген, Сарытоғай, Тайпақ және Чапаев ауылдық округтерінен келген жасөспірімдер, жастар және ересектер қатысты.

     «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қолдауымен «Жігер» спорт клубы ұйымдастырған жарыстың ашылу рәсіміне аудан әкімі Әділ Жоламанов, ардагер меймандар құттықтау сөз сөйледі. Ауданның спорт ардагерлері мен спорт жанашырларының бір тобына Алғыс хаттар, сыйлықтар табысталды.

      Белдесулерге алғашқы болып 2000-2003 жылдарғы жасөспірімдерден шығып, өзара мықтыны анықтады. 32 кг.- Арсен Сағынов, 38 кг.- Айдос Болатов, 50 кг. жоғ.- Ришат Нұрланұлы (Тайпақ), 35 кг.-Тілеген Сақыпкереев, 42 кг. - Артур Берік, 45 кг.- Әбірбек Дүйсенов (Чапаев), 50 кг.- Мерлібай Пауетден (Жаңабұлақ); ал 1998-99 жылдары туғандардан: 46 кг.- Айбатыр Жұмадин, 69 кг.- Құрманғазы Өтепқали (Жайық), 50 кг. - Тұржан Ғалымов (Чапаев), 54 кг. - Нұркен Кенесов, 58 кг. -Айбек Қосымбаев, 63 кг.- Райымбек Тасқарин (Тайпақ), 69 кг.жоғ. - Нұрсұлтан Сұлтанов (Қабыршақты); ересектер арасында өткен белдесулерде 55 кг.- Баубек Ғайсин (Чапаев), 60 кг. - Танат Сенбаев (Алмалы), 66 кг. - Қаратай Бекесов (Жаңабұлақ), 74 кг. - Нұрдәулет Уахит (Қарауылтөбе), 82 кг. - Нұрсұлтан Рысқалиев (Қабыршақты) жеңімпаз атанды.

     Турнирдің ең басты сайысы – «Түйе балуан» атағы үшін белдесулерге 12 балуан қатысты. Мұнда Дәурен Молдашев (Тайпақ) сол атақты жеңіп алды.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале