4.09.2015, 18:31
Оқылды: 30

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

  Қазақ хандығына 550 жыл толуына орай ғалымдардың кездесуі  Қадыр Мырза әлі атындағы орталықтың конференция залында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Орал қаласының әкімдігі мен «Ақжол» ғылым және білім қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен шарада  қазақ хандығының қалыптасуы, Еуразия тарихындағы қазақ хандығының орны мен рөлі және қазақ хандығының қалыптасуына өз үлестерін қосқан тарихи тұлғалар туралы  мәселелер қозғалды. Дөңгелек үстелге Орал қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысып, жиылған қауымға  тілегін білдірді.

Сондай-ақ отырыста Орыс  география  қоғамының  вице-президенті, РҒА Орал бөлімшесі Дала институтының  директоры, профессор Александр Чибилев, РҒА Н.Н Миклухо-Маклай атындағы этнология және антропология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Эмма Зиливинская мен аймақтық, облыстық  тарихшылар баяндамаларын  оқыды.

Шара барысында шаһар басшысы Алтай Сейдірұлы Ресейден келген Александр Александрович пен Эмма Давидовнаға  Қазақ хандығы 550 жылдығына арналған естелік монетасын табыс етті.

www.zhaikpress.kz

Гүлсезім БИЯШЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале