18.11.2015, 19:57
Оқылды: 26

Қазталовта аналар кеңесі құрылды

Kaztalov analar kenesi 01   Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитованың төрағалық етуімен округтерден келген әйел-аналар өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу жиынында ауданда аналар кеңесін құру мәселесі қаралды. Кездесуде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева  «Аналар кеңесі туралы» Ережені таныстырып өтті. Жалпы, аналар кеңесінің құрылуының басты мақсаты - әрбір ауылда отбасы тәрбиесі, ынтымақтастықты арттыру тағы да басқа тәрбиелік бағытта жұмыс жүргізу болып табылмақ.

Жиында аудандық аналар кеңесінің төрайымы болып Нұрия Хабибуллина сайланды.

Kaztalov analar kenesi 02

Құрылған кеңес өзінің жұмыс жоспарын бекітті.

www.zhaikpress.kz

«Ауыл айнасы» ақпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале