11.07.2016, 18:41
Оқылды: 12

Қазталовтық мәдениет майталмандары жеңіспен оралды

МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНДАРЫ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ    Сырым ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Нұр Отан» партиясының «Ұлы дала елі» жобасы аясында мәдениет қызметкерлері арасындағы облыстық «Тәуелсіздіктің жемісі» атты туристік слеті өткен болатын. Қазталов ауданының мәдениет саласының майталмандары осы аталмыш шараға қатысып қайтты. Осы спорттық шараға С.Садықов атындағы мәдениет-демалыс орталығынң қызметкерлері Самал Хайрушева, Қайрат Абдулов, Мирлан Нұролла, Жомарт Айтқалиев, Балғаным Ғұбашева, Гауһар Ғазизжанова, Жасқали Молдағалиев, Дархан Жалиевтер қатысып, киелі сахнада ғана емес, спорттан  да биік белестерді бағындыра алатындарын мойындата білді.

    Аудан намысын қорғаған жерлестеріміз 12 команда арасында топ жарып, жүлделі 2 орын алды. Міне, жетістік деп осыны айт.

   Жеңіспен оралған жерлестерді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Досжан Ахметов қарсы алып, қоржындарын жеңіспен толтырған мәдениет қызметкерлеріне ризашылығын жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале