8.10.2015, 20:20
Оқылды: 26

Қазталов ауданында өз кәсібін ашып жатырғандар саны көбеюде

Kaztalov oz kasibin 01    Елімізде өндірістік әлеуетін дамуына, жаңа кәсіп ашуға мемлекет тарапынан үлкен қолдау жасалып отыр. Соның бір айғағы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында мемлекеттен қаржылай несие алып, өз кәсібін ашып жатырған Қазталов ауданының тұрғындары көптеп саналады. Солардың бірі Қазталов ауылының тұрғыны Арайлым Қабылхайыр. Жуырда Кәсіпкерлер палатасының Қазталов аудандық филиалының қолдауымен, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 7674000 теңге несие алып, өз кәсібін ашты. Арайлым жетекшілік ететін «Сабира» жеке кәсіпкерлігі «Көбікті бетон өндірісі» инвестициялық жобасын іске асырып, қызмет жасауда. Бұл өндірістің аудан көлемінде бірінші рет қолға алынып отырғанын атап айтуға болады. Үш адамды тұрақты жұмыспен қамтып, «Көбікті бетон» тастарын жасап жатыр.

www.zhaikpress.kz
Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале